Түркия 153 елге құрылыс материалдарын сатты

Түркия жылдың алғашқы 6 айында 1 миллиард 330 миллион 855 мың долларлық құрылыс материалдарын сатты.

1268204
Түркия 153 елге құрылыс материалдарын сатты

Түркия жылдың алғашқы 6 айында 153 елге барлығы 1 миллиард 330 миллион 855 мың долларлық құрылыс материалдарын сатты.

Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда, Түркия биыл қаңтар-маусым кезеңінде өткен жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда құрылыс материалдары экспортынан шамамен 42 миллион доллар артық табыс тапты.

Импорт 2019 жылдың алғашқы алты айында өткен жылғымен салыстырғанда 13 пайыз азайды. Экспорт 3 пайыз артты.  Биылдың алғашқы жартысында 1 миллиард 330 миллион 855 мың долларлық экспорт жасалды.  Бұл көрсеткіш былтыр 1 миллиард 287 миллион 989 мың доллар болған еді.

Түркиядан ең көп экспорт жасалған ел – Қытай. Қытайға жасалған құрылыс материалдары экспорты барлық экспорттың 27 пайызын құрады.

Экспортта Қытайдан кейін кезегімен Америка Құрама Штаттары,  Италия, Үндістан және Испания келеді.



Ұқсас жаңалықтар