Түркия дайын киім секторында өте мықты

Түркияның экспортына ең көп үлесті дайын киім және конфекция секторы қосты.

1471080
Түркия дайын киім секторында өте мықты

Түркияның экспортына ең көп үлесті дайын киім және конфекция секторы қосты. Дайын киім және конфекция секторы өткен ай 1 миллиард 812 миллион 845 мың долларлық экспорт жасады. 

Түркия экспортшылар мәжілісі және Улудаг дайын киім және конфекция экспортшылар одағынан алынған мағлұматтарға қарағанда дайын киім және конфекция секторы өткен ай 150-ден астам ел мен аймаққа экспорт жасады. 

Түркия ең көп экспорт жасаған ел Германияға шілде айында өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 15,32 пайыздық артумен  349 миллион 155 мың долларлық дайын киім және конфекция экспорты жүзеге асырылды. 

Германиядан кейін осы секторда ең көп экспорт жасалған екінші ел Испания болды. 

Испанияға өткен ай 5 пайыздық артумен 248 миллион 939 мың долларлық экспорт жасалды. 

АҚШ-қа өткен ай өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 53,42 пайыздық артумен 109 миллион долларлық дайын киім және конфекция экспорты жүзеге асырылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар