Түркия мал санында Еуропа елдерінен алда келеді

Еуростат ЕО елдеріндегі ірі қара мен ұсақ малдың саны туралы деректерді жариялады.

1828460
Түркия мал санында Еуропа елдерінен алда келеді

Еуропалық Одақ (ЕО) елдерімен салыстырғанда ірі қара және ұсақ мал бойынша Түркия көш бастап тұр.

Еуропалық статистикалық кеңсе (Еуростат) 2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша ЕО елдеріндегі ірі қара мен ұсақ малдың саны туралы деректерді жариялады.

Мәліметтерге қарағанда, Еуроодақ елдеріндегі 2020 жылы 76 миллион 534 мың болған ірі қара малдың жалпы саны 2021 жылы 75 миллион 640 мыңға дейін азайған.

Мал өсіруден Франция 17 миллион 330 мың малмен Еуроодақ елдері арасында бірінші орында, одан кейін Германия 11 миллион 39 мың, Ирландия 6 миллион 649 мың, Испания 6 миллион 576 мың, Польша 6 миллион 378 мың және Италия 6 миллион 280 мың малмен келеді.

Түркия Статистика Институтының (TUIK) мәліметтеріне сәйкес, Түркиядағы ірі қара мал саны 2021 жылдың желтоқсан айында 18 миллион 36 мың болды.

Осылайша ЕО-ға мүше елдермен салыстырғанда, Түркия ірі қара мал басы бойынша бірінші орынды иеленді.

ЕО елдеріндегі ұсақ саны 2021 жылы 71,5 миллион болды.

Бұл кезеңде Испания Еуроодақ елдерінде қой мен ешкі саны бойынша 15 миллион 81 мыңмен бірінші орынды иеленді. Одан кейін 10 миллион 49 мыңмен Румыния, 7 миллион 253 мыңмен Грекия, 6 миллион 994 мыңмен Франция, 6 миллион 728 мыңмен Италия және 3 миллион 991 мыңмен Ирландия келеді.

Дәл осы кезеңде Түркияда жалпы ұсақ мал саны 57 миллион 519 мың болса, қой саны 45 миллион 178 мың болды.



Ұқсас жаңалықтар