Түркия мен АҚШ бірге жұмыстанады

Екі ел Сауда министрлері Анкарада Түркия Палаталар және биржалар одағындағы қонағасыға қатысты.

1267247
Түркия мен АҚШ бірге жұмыстанады

Сауда министрі Рухсар Пекджан Америка Құрама Штаттары мен Түркияның бірге жұмыстанып,  барлық кедергіден сүрінбей шығатынын білдірді.

Пекджан АҚШ Сауда министрі Уилбур Росстың қатысуымен Анкарада Түркия Палаталар және биржалар одағындағы қонағасына қатысты.

Министр Пекджан осында сөйлеген сөзінде Росспен бірге Түркияның индустрия әлеуеті,  қабілеттері және көрінісіне байланысты сектор өкілдерімен жиналыстар өткізгендерін айтты.  Мақсаттарының президент Режеп Тайып Ердоған және АҚШ президенті Дональд Трамп нысана етіп қойған 100 миллиард долларлық сауда айналымына қол жеткізу екенін айтты.  Министр осы мақсат үшін Росспен сәуір айындағы Вашингтон сапарынан бері жұмыстанғандарын және осы аяда жұмыс тобын құрғандарын еске салды.

Министр тараптардың бірін бірі жақсы түсінгенін және талаптарын білетінін айтты.  Ол инфрақұрылым жұмыстарымен бірге кейбір секторларда сауданың алдындағы кедергілердің жойылуы керектігін меңзеп: «Екі ел бірге жұмыстанып,  барлық кедергілерді жеңеді.  Росстың 5 күндік сапары өте маңызды және сонымен бірге АҚШ үкіметінің осы тақырыптарға қаншалықты көңіл бөлгенін көрсетеді» деді.

АҚШ Сауда министрі Уилбур Росс та: «Біз осында екі елдің де сауда мүддесін жақсарту үшін келдік. Түркия Америка Құрама Штаттарындағы шетелдік тікелей инвестиция жасаған елдердің арасында 15-ші кезекте.  Түрік компанияларының АҚШ-тағы саудасы 700 миллион долларлық рекорд деңгейге жетті. Осылардың жалғасуын қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар