Түркия неміс туристерді күтуде

Германия жаңа типті коронавирусқа орай Түркияға қойған саяхат шектемесінен Айдын, Анталия, Измир және Мугла қалаларын шығарды.

1467084
Түркия неміс туристерді күтуде

Германия жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне орай Түркияға қойған саяхат шектемесінен Айдын, Анталия, Измир және Мугла қалаларын шығарды. 

Германия Сыртқы істер министрлігінің интернет парақшасында жарияланған мәлімдемеде Айдын, Анталия, Измир және Мугла қалалары үшін саяхат шектемесінің жойылғаны жарияланды. 

Мәлімдемеде демалушылардың Түркиядан Германияға қайтудан 48 сағат бұрын сынама тесті жасатуы керектігі де ескертілді. 

Германия коронавирус індеті себепті 31 тамызға дейін Еуропа Одағы және Шенген аймағы сыртындағы 160 ел үшін саяхат еркертуін жасаған болатын.

Түркия Мәдениет және Туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Твиттер желісінен жасаған мәлімдемесінде:

"Түркия ретінде "Денсаулықты Туризм сертификат бағдарламасы" арқылы неміс қонақтарымызды күтіп алуға дайынбыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар