Түркияға 12.7 миллион турист келді

2022 жылы мамыр айында Түркияға ең көп турист жолдаған ел тізімінде Германия 494 мың 929 кісімен бірінші орынды иеледі.

1845781
Түркияға 12.7 миллион турист келді

Түркия биылғы 5 айда 12.7 миллионнан  туристі күтіп алды.

Мәдениет және Туризм министрлігінің санағына қарағанда  Түркияға қаңтар мен  маусым арасында келген туристердің 11 миллион 301 мың 602-сі шетелдіктерден, 1 миллион 408 мың 829-ы шетелдерде тұратын азаматтардан құралды.

Түркияға биылғы 5 айда келген шетелдік қонақтар саны өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 207.10 пайыз артты.

Түркияға 2022 жылы қаңтар мен  маусым арасында ең көп турист келген ел 367.24 пайыздық артумен Германия бірінші орынды иеледі.

Болгария 334.88 пайыздық артумен екінші, Ресей 49.40 пайыздық артумен үшінші болды. 4-5 орынды Иран мен Ұлыбритания иеледі.

Германиядан келген турист саны  1 миллион 308 мың 721, Болгариядан 945 мың 976, Ресейден 853 мың 590 болды.

2022 жылы мамыр айында Түркияға ең көп турист жолдаған ел тізімінде Германия 494 мың 929 кісімен бірінші орынды иеледі.

Ұлыбритания 395 мың 56 кісімен  екінші, Ресей 362 мың 676 туриспен үшінші орынға көтерілді. 4-5 орынды Болгария мен Иран иеледі.

 



Ұқсас жаңалықтар