Түркияның бал экспорты артты

Түрік балы ең көп Германияға сатылуда.

1087161
Түркияның бал экспорты артты

Түркия осы жылдың алғашқы 10 айында  21 миллион 785 мың 623 долларлық бал экспортын жасады.

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының көрсеткіштеріне қарағанда осы жылдың алғашқы 10 айлық кезеңінде 44 елге  5 мың 458 тонна бал сатылды.

Түркия балының шетелге сатылуында 2 мың 207 тоннамен Германия бірінші орынды иеледі. Осы елге жасалған экспорттан 10 миллион 116 мың  939 доллар кіріс түсірді.  

Осы кезеңде Америка Құрама Штаттарына 5 миллион 36 мың 125 долларлық, Испанияға 1 миллион 324 мың 16 долларлық және Сауд Арабиясына 1 миллион 280 мың  415 долларлық бал сатылды.

 



Ұқсас жаңалықтар