Түркияның экономикасы 4,5 пайыз өсті

Түркияның экономикасы осы жылдың алғашқы ширегінде 4,5 пайыз өсті.

1425514
Түркияның экономикасы 4,5 пайыз өсті

Түркияның экономикасы осы жылдың алғашқы ширегінде 4,5 пайыз өсті. 

Түркия статистика мекемесі осы жылдың алғашқы ширегіне (қаңтар-наурыз) байланысты таза ұлттық кіріс нәтижелерін жариялады. 

Осы нәтижелерге қарағанда Түркияның экономикасы осы жылдың алғашқы ширегінде өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 4,5 пайыз өсті. 

Таза ұлттық кірісті құраған жұмыстар тексерілгенде осы жылдың алғашқы ширегінде өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда басқа қызмет жұмыстары 12,1 пайыз , білім және коммуникация жұмыстары 10,7 пайыз, өнеркәсіп 10,7 пайыз, мемлекеттік басқару, білім беру, медицина және әлеуметтік қызмет жұмыстары 4,6 пайыз, егін шаруашылығы 3 пайыз, жылжымайтын мүлік жұмыстары 2,4 пайыз, мамандық, басқару және қолдау жұмыстары 2,4 пайыз, қаржы және сақтандыру жұмыстары 2,4 пайыз артты. 

 



Ұқсас жаңалықтар