Түркияның Германияға жасаған экспорты артты

Түркия өткен ай Германияға 1 миллиард 832 миллион долларлық экспорт жасады.

1825341
Түркияның Германияға жасаған экспорты артты

Түркия сәуірде 1 миллиард 832 миллион доллармен Германияға айлық экспорт рекордын жаңалады. Осылайша Германия Түркияның ең көп сыртқы сауда жасаған нарығы болуда. Түркияның Германияға жасаған экспорты сәуірде өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 20,8 пайыз артты. Германияның Түркияға жасаған сыртқы саудасындағы үлесі де  7,8 пайыз болды. 

Германияға өткен ай ең көп экспорты 395 миллион 856 мың доллармен автокөлік секторында жүзеге асты. 

Германиядан кейін  1 миллиард 530 миллион доллармен Америка Құрама Штаттары, 1 миллиард 107 миллион доллармен Ұлыбритания, 1 миллиард 12 миллион доллармен Италия және 980 миллион 344 мың доллармен Испания орын алды. 

 



Ұқсас жаңалықтар