Түркияның орман жаңғағы экспорты артты

Түркия 2001-2020 жылдары аралығында 4 миллион 993 мың 167 тонна орман жаңғағы экспорт етті.

1570937
Түркияның орман жаңғағы экспорты артты

Қаратеңіз орман жаңғағы экспортшылар одағынан жасалған мәлімдемеге қарағанда жылына орташа есеппен 120 елге орман жаңғағы экспорт еткен Түркия 2001-2020 жылдары аралығында жиыны 

32 миллиард  95 миллион 654 мың 140 долларлық орман жаңғағы саудасын жасады. 

Түркияның жылына орташа есеппен экспорт еткен орман жаңғағы 249 мың тоннаға жетті, орташа есеппен валюта кірісі 1 миллиард 609 миллион доллар болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар