Түркияның орнатылған күн қуаты 7 мың 816 мегаватқа жетті

Түркияның орнатылған күн қуаты 8 жылда 40 мегаваттан 7 мың 816 мегаватқа өсті.

1763825
Түркияның орнатылған күн қуаты 7 мың 816 мегаватқа жетті

Түркияның орнатылған күн қуаты 8 жылда 40 мегаваттан 7 мың 816 мегаватқа өсті.

Түркия соңғы жылдары энергия қажеттілігін «таза энергия» деп аталатын жаңартыла алатын энергия көздерінен қамтамасыз ету және энергияда шетелге тәуелділікті азайту үшін талпыныстарын арттырды.

Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің деректерінен жиналған мәліметтерге қарағанда, Түркияның күн энергиясы өндірісі 2014 жылы 40 мегаватт орнатылған қуатпен басталды.

Инвестициялық қолдаудың арқасында жыл сайын өсіп келе жатқан орнатылған қуат 2015 жылы 249 мегаваттқа, 2016 жылы 833 мегаватқа дейін өсті.

Ең көп өсім тіркелген 2017 жылы алдынғы жылымен салыстырғанда 311 пайыздық өсіп, 3 мың 421 мегаватқа көтерілді.

Өткен жылы болса 1 мың 149 мегаватт күшінде жаңа күн электр станциясы қосылды. Осылайша елдің орнатылған күн қуаты 7 мың 816 мегаватқа ұласты.



Ұқсас жаңалықтар