Түркияның су өнімдері артты

Түркия осы жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде 85 елге 140 мың 749 тонна су өнімдерін экспорт етіп, 726 миллион 143 мың  527 доллар кіріс түсірді.

1516769
Түркияның су өнімдері артты

Түркия осы жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде 85 елге 140 мың 749 тонна су өнімдерін экспорт етіп, 726 миллион 143 мың  527 доллар кіріс түсірді. 

Түркияның 2020 жылы қаңтар-қыркүйек кезеңінде су өнімдерін экспорт еткен 85 ел арасында көлем жағынан Италия, түсірілген кіріс жағынан Голландия бірінші орынды иелеуде. 

Шығыс Қаратеңіз эксплртшылар одағының көрсеткіштері бойынша Түркия осы жылдың 9 айында 85 елге 140 мың 749 тонна су өнімдерін экспорт етіп, 726 миллион 143 мың  527 доллар кіріс түсірді. 

Осы кезеңде Голландия, Италия және Ресей ең көп экспорт жасалған елдер болды. 

Көлем жағынан  19 мың 96 тоннамен Италия бірінші орын иелесе, 19 мың 65 тоннамен Ресей екінші және 15 мың 901 тоннамен Голландия үшінші орынды иеледі.

Түсірілген кірісте болса, 99 миллион 517 мың  578 доллармен Голландия бірінші, 95 миллион 464 мың 552  доллармен Италия екінші және 84 миллион 975 мың 789 доллармен Ресей үшінші орынды иеледі.  

 



Ұқсас жаңалықтар