Түркияның төртінші бұрғылау кемесі жолда

Төртінші бұрғылау кемесі 19 мамырда Мерсиндегі Ташучу портына келеді.

1825353
Түркияның төртінші бұрғылау кемесі жолда

Түркия өз флотына қосатын төртінші бұрғылау кемесі 19 мамырда Мерсиндегі Ташучу портына келеді.

7 наурыз күні Оңтүстік Кореядан шығып, қазір Алжир су айдынында келе жатқан кеме «Фатих», «Кануни» және «Явуздан» кейін флотқа қосылған төртінші бұрғылау кемесі болмақ.

Сапарын Оңтүстік Кореяның Окпо портынан бастаған кеме 19 мамырда Ташучу портына жетеді деп жоспарланды.

Ұзындығы 238 метр және ені 42 метр болатын жетінші буынның озық технологиясымен жабдықталған кеме Шығыс Жерорта теңізінде алғашқы миссиясын атқарады.  Мұнарасының биіктігі 104 метр, қазіргі уақытта «Кобальт Explorer» атауын қолданған кемеге Түркияда жаңа атау беріледі.

Түркияның төртінші бұрғылау кемесі белсенді позициялау жүйесіне ие. 200 адамдық экипажы бар кеме 12 200 метр тереңдікте бұрғылау жұмысын жүргізе алады.



Ұқсас жаңалықтар