Украиналықтар медициналық туризмде Түркияны таңдайды

Түркия Украина азаматтары үшін медициналық туризмдегі ең таңдаулы ел болды.

1086189
Украиналықтар медициналық туризмде Түркияны таңдайды

Түркия Украина азаматтары үшін медициналық туризмдегі ең таңдаулы ел болды.

Түркия Қонақүй одағының хабарламасына қарағанда, мамандар Украинаның бас қаласы Киевте өткен Украина халықаралық туризм және саяхат көрмесіндегі кездесулері барысында нарықтық зерттеу жүргізді.

Зерттеуге байланысты көзқарастарын білдірген Түркия Қонақүй одағы басшысы Тимур Байындыр украиналық науқастардың Түркияға көбіне ісік ауруының диагнозы және емі,  ортопедиялық аурулар және Да Чинчи робот әдісімен емделу үшін келетінін айтты. Украиналық туристтер сонымен бірге теңіз және жағалау туризмі, жылы су, әртүрлі терапия үшін келеді.

Жаңа куәлік алған Украина және Түркия азаматтары екі ел арасында кіріп шығып, 90 күнге дейін визасыз тұра алады.



Ұқсас жаңалықтар