Жапония Украинаға 100 миллион доллар несие береді

Жапон үкіметі Украинаға экономикалық жәрдем беруде.

1828042
Жапония Украинаға 100 миллион доллар несие береді

Жапония Ресей шабуылынан кейін экономикалық дағдарысқа душар болған Украинаға 100 миллион доллар несие беру жайлы келісімге қол қойды.  

Ресейдің 24 ақпаннан осы таңға дейін Украинаға  шабуылдары жалғасуда. Жапон үкіметі Украинаға экономикалық жәрдем беруде. 

Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) төрағасы Танака Акихико мен Украинаның Қаржы министрі Сергей Марченко видео конференция әдісімен сөйлесті. 

Танака мен Марченко Жапонияның Украинаға 100 миллион доллар несие беру жайлы келісімге қол қойды.  

Келісімге орай алғыс айтқан Марченко көптеген украиналықтардың тек елдерінің тәуелсіздігі үшін ғана емес, Еуропаның қауіпсіздігі үшін де күрескенін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар