11 жасар ушу чемпионы

38 медалі бар спортшы Еуропа чемпионы болуды армандайды.

1268963
11 жасар ушу чемпионы

Туана Акдемир 4 жасында спортпен танысқаннан кейін соңғы 7 жыл ішінде 38 медаль мен 3 кубок жеңіп алды. 11 жасар ұлттық спортшы енді  бұл жетістікке ушудан Еуропа және әлем чемпионаттықтарын да қосуды армандайды.

Анкарада өткен Халықаралық Балқан және Еуразия Wushu Kung Fu чемпионатында Акдемир 12 жасқа дейінгі жас қыздар арасында  «шаолингунда» жеңіске жетті. Ол 7 жылдық карьерасында 38 медаль мен үш кубок олжалады.  

4 жасында спортпен танысқан Туана гимнастика, ушу, шахмат, жүзу және тенниске қызығушылық танытады.

Еуропа чемпионы болғысы келетінін айтқан жас спортшы  әлемдік 8 чемпиондықты қолында ұстап тұрған  Элиф Акьюзден үлгі алғанын жеткізді.

Кониядағы Селчуклу Беледийеспор Ушу командасының жаттықтырушысы  ​​Мехмет Байрактар өзі жас кезінен баулыған спортшылардың табыстарына қуанатынын айтты.

Туананың әкесі Байрам Акдемир жеңістің оң әсеріне назар аудара отырып, «Жетістіктеріне деген жылы сөздер, мақтаулар оны биікке итермеледі.  Біз де қызымызға кедергі келтірмедік. Туана жеңістен жеңіске жетті» деді.



Ұқсас жаңалықтар