4 мың жылдық тоқыма станоктары табылды

Аймақта қазба жұымыстары жалғасуда.

1496069
4 мың жылдық тоқыма станоктары табылды

Денизлидің Чиврил ауданында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 4 мың жыл бұрынғы тоқыма станоктарының бөліктері, тоқыма бұйымдары мен керек-жарақтар табылды.

Жоғарғы Мендерес ойпатының солтүстік-батысында орналасқан және атын Селчук дәуіріндегі Бехидже Сұлтан мазарынан алған  Бейжесұлтан қорғанындағы қазба және қалпына келтіру жұмыстарын проф. Доктор Эшреф Абай бастаған топ жалғастырауда.

Проф. Доктор Абай жұмыс барысында  аймақтың тоқыма тарихы туралы маңызды жаңа ақпаратқа қол жеткізгендерін мәлімдеді.

Бұған дейін олар 3600 жылдық деп болжаған тоқыма және тоқыма материалдарының бөліктерін осы аймақтан тапқандарын еске сала отырып Абай: «Біз мұнда б.з.д. 1700 жылға дейін салынған ғимарат таптық. Біз бұл  құрал-жабдықтар ауқатты отбасына тиесілі болған деп ойлаймыз. Өте үлкен қоймалары да бар осы үйде төңіректегі елдерден импортталған бұйымдар да табылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар