4-ші бұрғылау кемесі Мерсинге келді

Фатих Дөнмез: "4-ші бұрғылау кемесі Мерсин Ташужу кемежайында 2 ай тұрады. Жұмыстары біткеннен кейін қысқа уақытта алғашқы бұрғылауға бастайды.

1829378
4-ші бұрғылау кемесі Мерсинге келді

Энергетика және табиғи байлықтар министрі Фатих Дөнмез Түркияның 4-ші бұрғылау кемесінің дайындық жұмыстарынан кейін жаңа сүйіншілер үшін жолға шығатынын айтты.

Министр Фатих Дөнмез  әлеуметтік желіден бөліскен мәлімдемесінде 4-ші бұрғылау кемесінің Түркияға келгенін хабарлады.

"4-ші бұрғылау кемесі 19 мамырда Түркияның Мерсин Ташужу кемежайына келгенін айтқан Фатих Дөнмез:

"4-ші бұрғылау кемесі Мерсин Ташужу кемежайында 2 ай тұрады. Жұмыстары біткеннен кейін қысқа уақытта алғашқы бұрғылауға бастайды. Ұлтымыздың дұғасы және қызметкерлердің маңдай терімен жаңа сүйіншілер үшін жолға шығады " деді.

"Фатих", "Яуз" және "Кануни" кемелерінен кейін Түркияның 4-ші бұрғылау кемесі озық технологиялармен жабдықталып, флотқа қосылады.

Оңтүстік Кореядағы Окпо портынан 7 наурызда жолға шыққан кеме жетінші ұрпақ жоғарғы технологияға да ие.

Ұзындығы 238 метр, ені 42 метр, биіктігі 104 метр, бұрғылау тереңдігі 12 мың 200 метрге жеткен кеменің өз қатарындағы 5-ші орында екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар