АҚШ-та түрік кофесі таныстырылады

«Жылжымалы Түрік кофесі үйі» таныстыру турнесін Нью-Йорктан бастады.

1266805
АҚШ-та түрік кофесі таныстырылады

Түрік кофесі мәдениетін таныстыру мақсатымен жолға шыққан «Жылжымалы Түрік кофесі үйі--(Turkish Coffee Truck)» Америка Құрама Штаттарындағы таныстыру турнесін Нью-Йорктан бастады.

Жылжымалы түрік кофесі үйі жобасы шеңберінде қыркүйек айы бойы Нью-Йоркпен қоса Нью Джерси, Мэриланд, Вирджиния штаттары мен Вашингтонда түрік кофесі таныстырылады.

Жоба директоры Гизем Чалджыгил Уайт әлемдегі тұңғыш кофе пісіру әдісі болып есептелетін түрік кофесінің танымалдылығын арттыру және кофе сұхбаттары арқылы қоғамдар арасындағы диалог құру мақсатымен турнені бастағандарын білдірді.  Уайт Америка Құрама Штаттарында күніне 400 миллион стакан кофе ішілгенін, алайда 500 жылдық түрік кофесін танымайтындарын тілге тиек етті. «Түрік кофесі Америкада ащы кофе ретінде танымал, бірақ олай емес. Ішіп көрмеген соң адамдар білмейді. Біз таныстырып, түрік кофесі үшін нарық қалыптастырғымыз келеді» деді ол.

Таныстыру турнесі бойы мыңдаған америкалыққа кофені тегін таратып ұсынатындарын атқан Уайт «Кофені ұлттық киімдермен ұсынамыз. Танымал өнер қайраткерлері, жазушы және ғалымдармен бірге әңгімелесу мүмкіндігін беріп,  түрік кофесінің тарихи маңызы мен дәмін таныстыруға тырысамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар