Алғашқы теңіз зымыраны "Atmaca" сынақтан өтті

«Atmaca» зымыраны Кыналыада атты корветте табысты түрде сынақтан өткізілді.

1299929
Алғашқы теңіз зымыраны "Atmaca" сынақтан өтті

Түркияның алғашқы қанатты теңіз зымыраны Кыналыада атты корветтен табысты түрде ұшырылды.

Жетілдіру сынақтары алдағы уақытта жалғасатын «Atmaca» зымыраны 2020 жылдың алғашқы жартысында Түрік Қарулы күштеріне табыс етілмек.

«Atmaca» ұзақ атымды, жоғары жою қабілетіне ие, замандас флот платформаларында қолданылады.

Әртүрлі табиғат шарттарында ұша алатын замандас тұмсықты зымыранға ие «Atmaca» қарсы шабуылдарға шыдамды, нысанасын қайта реттеп жою қабылеті бар, ауқымы тұрғысынан тұрақты немесе жылжымалы нысаналарға қарсы ықпалды.

Жаһандық тұғыр анықтау жүйесі мен параметрлік радар жүйелерін қолданатын «Atmaca» нысанасын табу үшін белсенді радарлық іздеу жүйесін пайдаланады.

200 километрлік ықпалдылық алаңы бар тұмсықты оғы алыс нысаналар үшін үлкен қауіп болып табылады.

Теңіз Күштері қару-жарақ қорындағы платформаларға монтажданатын «Atmaca» алдымен «MİLGEM» (Ұлттық кеме) корветтеріне орналастырылады. «Atmaca» зымырандарының АҚШ өнімі «Harpoon» зымыранының орнын алатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар