Анкара халықаралық кинофестивалі аяқталды

«Білмеу» фильмі «Үздік картина» атанды.

1488975
Анкара халықаралық кинофестивалі аяқталды

31-ші Анкара халықаралық кинофестивалінде марапаттар табыс етілді.

«Білмеу» фильмі «Үздік картина» атанды.

Коронавирус (Kovid-19) шараларына байланысты көрермендер үшін жабық өткен марапаттау рәсімінде «Ұлттық ұзын метражды», «Деректі фильм» және «Қысқа метражды фильмдер» номинациялары бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.

Ұлттық ұзын метражды фильм байқауының қазылар алқасы режиссер Лейла Йылмаздың «Білмеу» атты картинасын Үздік фильм ретінде таңдады. Осы фильмдегі актерліктеріне байланысты Сенан Кара «Үздік көмекші актриса», Эмир Өзден «Үздік көмекші актер» ретінде марапатталды.

Селен Учар «Үздік актриса», ал Сердар Орчин «Үздік актер» сыйлығын алды. «Үздік режиссерлік сыйлық» Онур Үнлюге берілді.

Сондай-ақ, Уйгур Йигитке «Үздік музыкалық сыйлық» берілді.

Фестивальдің соңғы күні әлемдік кинематографияның үздік фильмдері көрсетіледі.

 

 



Ұқсас жаңалықтар