Анталияға өте көп турист келді

Наурыз айында Анталияға  505 мың 421 турист келді.

2124380
Анталияға өте көп турист келді
antalya turist turizm.jpg

Өткен жылы туризм тарихындағы ең жоғары көрсеткіштерге жеткен Анталия 2024 жылдың үш айлық кезеңінде ай сайын рекордтар жасауды жалғастыруда.

Қала наурыз айында алғаш рет 500 мыңнан астам туристті күтіп алды және 3 айдың ішінде алғаш рет 1 миллиондық межеден асып түсті.

Наурыз айында Анталияға  505 мың 421 турист келді. Турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 45 пайыз арттты.

1 қаңтар мен 31 наурыз аралығындағы мәліметтер бойынша Анталияға өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 25,6 пайыз артумен 1 миллион 5 мың 207 шетелдік турист келді.

Қаңтар-наурыз айларының үш айындағы жалпы турист саны бойынша  қалаға ең көп турист Германиядан келді.  Германиядан келген турист саны  өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 65 пайыз артты.  Анталияға 279 мың 803 неміс  келді. 



Ұқсас жаңалықтар