Атақты суретшінің картинасы рекорд бағаға сатылды

Клод Моненің бір картинасы 110,7 миллион долларға сатылды.

1201760
Атақты суретшінің картинасы рекорд бағаға сатылды

Француз импрессионизмінің негізін қалаушы, атақты суретші Клод Моненің бір картинасы 110,7 миллион долларға сатылды.

BBC-дің хабарына қарағанда, Sotheby's аукцион үйі Нью-Йоркта суретшінің бір картинасын бәссаудаға салды.  1890 жылы салынған көркем сурет француз суретшінің туындысы үшін рекорд бағаға – 110,7 миллион долларға сатылды.

Бірінші рет бір импрессионистік бір суретке 100 миллионнан астам көп ақша төленді.  Аукционда осы картинаны сатып алған кісінің аты-жөні жарияланбады.

Моненің бұдан бұрынғы ең көп ақшаға сатылған картинасы «Nympheas en fleur” ("Лалагүлді тоған") болатын.  Картина 2018 жылдың мамыр айында 84,7 миллион долларға сатылды.



Ұқсас жаңалықтар