Ататүрік - бұрын-соңғы барлық мемлекет қайраткерлері арасында лидер

Бұларды білетін бе едіңіз?-38

1268456
Ататүрік - бұрын-соңғы барлық мемлекет қайраткерлері арасында лидер

Америкадағы бір зерттеуге негізделгенде Ататүріктің бұрын-соңғы барлық мемлекет қайраткерлері арасында жүргізілген "Саяси ұлылық тізімінде" бірінші орынды иелегенін білетін бе едіңіз?

Америка Құрама Штаттарындағы Кентуки университетінен психиатр, Профессор Доктор Арнольд Людвиг 18 жылдан бері мемлекет қайраткерлерінің лидерлік ерекшеліктерін ғылыми жолмен нақтылы өлшеу мақсатымен бір жоба жүргізіп келеді.

Профессор Доктор Арнольд Людвиг ғылыми жұмыстарын "Тау королі: Саяси лидерліктің табиғаты" атымен кітапқа айналдырды және соңғы ғасырға таңба басқан 377 ұлы мемлекет қайраткерін зерттеді.

Профессор мемлекет қайраткерлерін бағалаған кезде бір елді құтқару немесе қайтадан бірлестіру, тың идеология жарату, билікте отыру мезгілі және ахлақтық тұрғыдан үлгі қалыптастыру сияқты ерекшеліктерін басты орынға қойды.

Психиатр, Профессор Доктор Арнольд Людвигтің бағаландыруы бойынша Ататүрік 377 лидер арасында алғашқы орынды иеледі.

Ататүріктен кейінгі екінші орынды Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Рузвельт пен Қытай лидері Мао бірге бөлісті. 



Ұқсас жаңалықтар