Ататүрік еске алынды

Бүгін Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған түрік ұлт-азаттық қозғалысының 103 жылдығы.

1829160
Ататүрік еске алынды

Бүгін Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлт-азаттық күрестің басталуына 103 жыл толды. 1919 жылдың 19 мамырында Мұстафа Кемал  Самсунға барып, Одақтас елдердің басқыншылығына қарсы  түріктердің  ұлт-азаттық қозғалысын бастады.

Бүгін Түркияның азаттығы үшін соғыстың ресми басталған күні болып саналады. Тәуелсіздік үшін ұлттық қозғалыстың негізін жастар құрағандықтан, 1938 жылдың 20 маусымы күні 19 мамырды Жастар және спорт күні ретінде белгілеу туралы заң шықты.

Бүгін елдің түкпір-түкпірінде және шетелдегі өкілеттіктерде ұйымдастырылатын рәсімдермен әрі Ататүрік еске алынуда, әрі жастар мен спорт мерекесі тойлануда.

19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай Анкарадағы алғашқы рәсім Аныткабирде жүзеге асты.

Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу және қасындағы делегация Ататүріктің мавзолейіне гүл шоғы қойды.

Аныткабир арнайы дәптеріне қол қойған Касапоғлу кейін министрлікте жастарды қабылдады.

Ұлтазаттық соғыстың алауы жағылған Самсунда болса мереке іс-шаралары аясында «Фонар шеруі және Жастар Фестивалі шеруі» ұйымдастырылды.

Стамбулдағы рәсім болса Таксимдегі Республика ескерткіші алдында болып өтті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар