Австралияда Түрік фильм фестивалі басталды

Түрік фильм фестивалі «Айкут жезде» атты фильммен басталды.

1264859
Австралияда Түрік фильм фестивалі басталды

Австралияда Түрік фильм фестивалі басталды.

Австралия Түрік достық одағы тарапынан Сидней және Мелбурн қалаларында ұйымдастырылған Түрік фильм фестивалі «Айкут жезде» атты фильммен басталды.

Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты Кинематография дирекциясы, Юнус Эмре Институты және Сидней бас консулдығы қолдау берген фестивальдің беташары Сидней қаласында болды.

Беташарға Сиднейдегі Түркия бас консулы Мелих Каралар,  Жұмысшы партиясының депутаты, алғашқы мұсылман депутат Джихад Дип және түрік актриса Есра Билгич қатысты.

15 қыркүйек күніне дейін фестивальде «Жан достар», «Ұйымдасқан қылмыстар», «Түс», «Үш жол», «Өлтір мені, сүйіктім», «Бидай» секілді түрік фильмдері көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар