Австрия жәрмеңкесінде Түрік станды ашылды

Вена қаласында ашылған «2020 халықаралық туризм жәрмеңкесінде» Түрік станды қатты назар аударды.

1342980
Австрия жәрмеңкесінде Түрік станды ашылды
viyana '2020 uluslararasi turizm fuari1.jpg
viyana '2020 uluslararasi turizm fuari2.jpg
viyana '2020 uluslararasi turizm fuari3.jpg
viyana '2020 uluslararasi turizm fuari4.jpg
viyana '2020 uluslararasi turizm fuari5.jpg

Австрия жәрмеңкесінде Түрік станды ашылды.

Австрияның астанасы Вена қаласында ашылған «2020 халықаралық туризм жәрмеңкесінде» Түрік станды қатты назар аударды.

Жәрмеңкеге 50 елден мөлшермен 850 фирма қатысты. Түркиядан көптеген орган мен фирмалар қатысты. Түркия атынан Вена мәдениет және таныстыру кеңесі 100 текшеметрлік бөлімде Түрік стандын ашты.

Жәрмеңкеде Түрі стандына келген қонақтарға түрлі дәмді тағамдар ұсынылды.  

Вена Бас консулы Асип Кая баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Вена туризм жәрмеңкесінің әлемдегі маңызды жәрмеңкелердің бірі екенін білдіріп, жәрмеңкеге 500 мыңға тарта адамның қатысқанын айтты.

Кая Австриядан Түркияға келген турист санында 2018 жылы 24 пайыз, 2019 жылы 13 пайыз өсу болғанын білдіріп, «Өткен жылы елімізге мөлшермен 400 мыңға тарта австриялық турист келді. 2020 жылы Алла бұйырса бұл санақ тіпті көбейеді» деді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар