Азаматтар Галлиполь Түбегіне ағылды
Галлиполь түбегіне 18 Наурыз Шейіттерді еске алу және Чанаккале теңіз жеңісінің 104 жылдығына орай келушілер арта түсті.
Тарихи Галлиполь түбегінде 18 Наурыз Шейіттерді еске алу және Чанаккале теңіз жеңісінің 104 жылдығына орай ұйымдастырылатын рәсімдер алдында зияратшылар арта түсті.
Түркияның түкпір-түкпірінен келген азаматтар шейіттік пен ескерткіштерге зиярат жасауда.
Зияратшылар қолдарына түрік туын көтеріп, Шейіттер Ескерткішін қамтыған шейіттік пен ескерткіштерді аралап, дұға қылып, естелікке суретке түсуде.
Түркияның түкпір-түкпірінен келген АКУТ Іздеу құтқару қоғамының 350 мүшесі Шейіттер Ескерткішінде дәу Түрік туы мен Ататүрік суретін көтеріп, Азаттық Ән ұранын айтты.
Бурсадан келген Гурсу Қала әкімшілігі Ай жұлдыз Мехтеран үйірмесі концерт қойды.
Ұқсас жаңалықтар
TRT-нің «12 Punto 2024» финалистері белгілі болды
TRT-нің «12 Punto 2024» көркем фильмі номинациясында12 жоба финалға шықты.
«ТРТ Халықаралық 23 сәуір балалар фестиваліне» 500 бала қатысады
«ТРТ Халықаралық 23 сәуір балалар фестивалінің» 46-шысына 29 елден 500 бала қатысады.