Балаларына түрік есімдерін бере бастады

Парагвайда халық өз балаларына сериал кейіпкерлерінің есімдерін бере бастады.

1495089
Балаларына түрік есімдерін бере бастады

Латын Америкасы елдеріндегі түрік телехикаяларының танымалдығы Парагвайда халық өз балаларына сериал кейіпкерлерінің есімдерін берген кезде де байқалды.

Бюджеті мен сапасы жағынан әлемдегі ең үздік телехикаялар қатарында екендігі шетелдік ақпарат көздері тарапынан да расталған түрік телехикаяларына тәнті болған  Латын Америка елдерінде аймақ халқы балаларына кейіпкерлердің есімін бере бастады.

Парагвай да көптеген түрік телехикаялары қызығушылықпен қаралатын Латын Америка елдерінің бірі.  Халықты басқару функциясын орындайтын «Registro Del Estado Civil» атты ресми ұйым өзінің Твиттер-аккаунтында телехикаялардан шабыт алған азаматтардың балаларына қойылған кейбір есімдермен бөлісті.

Мекеменің лауазым иесі «Мұндағы кейбір есімдер түрік романдары мен сериалдарынан шабыт ала отырып берілді» деген тұжырыммен Шехразад, Керим, Кемал, Девран және Мұстафа сияқты есімдерді тізіп айтты.

2015 жылдан бастап Латын Америка елдерінде түрік сериалдарының рейтингтерде өз орнын алғаны белгілі.

Чилиде басталған түрік сериалдарын көру әдетімен осы елде туылған кейбір балаларға түрік есімдері қойылып, түрік әртістері Латын Америкадағы түрлі ұйымдарға шақыру алған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар