Беязыт мемлекеттік кітапханасы 4-ші орынға көтерілді

Стамбулдағы Беязыт мемлекеттік кітапханасы «Әлемнің ең керемет 10 замандас кітапханасы» арасында орын алды.

1166571
Беязыт мемлекеттік кітапханасы 4-ші орынға көтерілді

Стамбулдағы Беязыт мемлекеттік кітапханасы АҚШ-та жарияланған «Wired» атты мәдениет және технология журналының таңдамалы тізімінде «Әлемнің ең керемет 10 замандас кітапханасы» арасында 4-ші орынды иеледі.

«Күтүпхане-и Умум-и Османи» атымен 1884 жылы құрылған кітапхананың жөндеу және ішкі декорациясы Табанноғлу мердігерлік фирмасы тарапынан жасалды. Кітапханада жартысы кітап шамамен 1 миллионға жуық құжат оқырманға ұсынылады. Кітаптардың 11 мың 120 данасын аса маңызды қолжазбалар құрайды.

Wired журналы тарапынан дайындалған бағалауда 30 мың текше метрлік алаңымен Скандинавия елдеріндегі ең үлкен кітапхана болған Даниядағы «Dokk1» кітапханасы тізімнің бірінші орнында.

Тізімге қарағанда АҚШ-тың Вермонт штатындағы «Лоуренс (Lawrence) халық кітапханасы екінші, Қытайдың Цзен-Юан қаласындағы Ян-Чжоу кітапханасы үшінші, Беязыт мемлекеттік кітапханасы төртінші, Норвегиядағы Веннесла кітапханасы бесінші, Бодо халық кітапханасы да алтыншы орын алған.



Ұқсас жаңалықтар