Битлис қамалынан монеталар табылды

Қазба барысында табылған жәдігерлердің лабораториялық зерттеулері жүріп жатыр.

1493259
Битлис қамалынан монеталар табылды

Битлис қамалында жүргізілген қазба жұмыстарында Византия және Селчук кезеңдерінен қалған он монета табылды.

Ахлат Мұражайы дирекциясының Битлис қамалындағы қазба жұмыстарын Фырат Университеті Археология кафедрасының координаторы Коркмаз Шен басқаруда.

Шен 2020 жылы қазба жұмыстарын аяқтап қалғандарын айтып: «Табылған монеталардың кейбірі Османлы кезінен,  кейбірі Византия кезінен қалған. Сонымен бірге шыны және керамикалық бұйымдар, темір туындылар табылды» деді.

Қазба барысында табылған жәдігерлердің лабораториялық зерттеулері жүріп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар