Бос уақытымыз көгілдір екран алдында өтеді

Уақытымыздың көбі теледидар көруге, ақылды телефон немесе компьютерді қамтыған көгілдір екранға қарауға кететіні байқалды.

1297187
Бос уақытымыз көгілдір екран алдында өтеді

Бос уақытымыздың көбі көгілдір екран алдында өтеді.

LiveScience-нің хабарына қарағанда  Америка Құрама Штаттарында жасалған бір сауалнама аясында 2014-2016 жылдары арасында Американ Уақыт қолдануды зерттеу жұмысына қатысқан 15 жастан үлкен 32 мыңнан астам адамға байланысты мәліметтер зерттелді. 

Күннің барлық сағатындағы іс-әрекеттері тіркеуге алынған қатысушылардың күнде орташа 5 сағаттан астам бос уақыттары болғаны және осы уақыттың басым көп бөлігін теледидар көруге, ақылды телефон немесе компьютерді қамтыған көгілдір екранға қарауға бөлгенін тілге тиек еткені байқалды.

Ер адамдардың бос уақыттарының күнде орташа 211 минутын, әйелдердің 175 минутын екран алдында өткізгені, ер адамдардың бос уақытының тек 6.6 пайызын, әйелдердің 5 пайызын спорттық іс-шараларға бөлгені атап көрсетілді.

Зерттеуде ең аз бос уақыты бар топтың 25 пен 60 жастар арасындағы әйелдер екені, кірісі мол кісілердің бос уақытының көп бөлігін спорттық әрекеттермен өткізетінін анықтады.

Зерттеу жұмысының толығы "Preventing Chronic Disease" журналында жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар