Бостонда Түрік Мәдениет және Өнер фестивалі басталды

Бостондағы Түрік Мәдениет және Өнер фестивалінде түрік байрағы желбіреді.

1298031
Бостонда Түрік Мәдениет және Өнер фестивалі басталды

Америка Құрама Штаттарының Массачусетс штатына қарасты Бостон қаласында 24-ші кезекті Түрік Мәдениет және Өнер фестивалі Бостон қала әкімшілігі, штат әкімшілігінің өкілдері және көптеген кісінің қатысуымен басталды

Бостон қаласында 2000 жылдан бері, Массачусетс штатында 2001 жылдан бері жалғасты ұйымдастырылып келе жатқан Түрік Мәдениет және Өнер фестивалінде түрік байрағы желбіреді.

Фестивальдың құрушы директоры және Нью-Ингленд Түрік-Американ Мәдениет қоғамының төрағасы Еркут Гөмүлү фестивальдың беташарындағы сөзінде іс-шараны түрік байрағын асу рәсімімен  бастағандарына риза екенін айтты.

Түркияның Бостондағы Бас консулы, Бостон қала бастығы, әкімі сөздерінде Түркия Республика мерекесін және фестивальдың ашылуын құттықтады. 

Фестиваль 15 желтоқсанға дейін жалғасады. 



Ұқсас жаңалықтар