Брюссельде өткен жылы көп балаға "Мұхаммет" аты қойылды

Брюссель аймағында өткен жылы дүниеге келген ұл балаларға қойылған аттар арасында алғашқы 5 орынды мұсылман аттары иеледі.

1762356
Брюссельде өткен жылы көп балаға "Мұхаммет" аты қойылды

Бельгия астанасы Брюссельде өткен жылы дүниеге келген ұл балаларға ең көп "Мұхаммет" аты қойылды.

Брюссель аймағында өткен жылы дүниеге келген ұл балаларға қойылған аттар арасында алғашқы 5 орынды мұсылман аттары иеледі.

Бельгия Статистика ұйымының санағына қарағанда Брюссельде өткен жылы дүниеге келген 18 мың 430 ұл балаларға "Мұхаммет" аты берілген.

"Джин" аты 6 мың 89 сәбиге берілген. 4 мың 166 сәбиге "Ахмет" аты, 4 мың 60 сәбиге "Филипп" аты қойылған.

Қыз балаларға берілген алғашқы 5 ат "Мария", "Мари", "Фатима", "Анна" және "Сара" ретінде тіркелген.

Бельгия көлемінде ұл балаларға ең көп қойылған ат "Джин", "Марк" және "Патрик" болды.

Қыз балаларға "Мария", "Мари" және "Мартин" аттары қойылған.



Ұқсас жаңалықтар