Бүгін кеште Мәуліт түні атап өтіледі

Мәуліт түні – Ислам әлемінің маңызды күндерінің бірі.

1517509
Бүгін кеште Мәуліт түні атап өтіледі

Мәуліт түні – Ислам әлемінің маңызды күндерінің бірі.

Күллі адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған уақытына байланысты тойланатын мейрам мәуліт мерекесі деп аталады.

ТР Дін істері басқармасы төрағасы Проф. Али Ербаш және Дін істері басқармасының жанындағы Діни қызметтер Бас дирекциясы төрағасы Бунямин Албайрак, Түркия Радио Теледидар Мекемесі тарапынан  Мәуліт түніне арнап әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Мәуліт түніне орай Солтүстік Түрік Республикасындағы Никосия Хала Сұлтан мешітінде жергілікті уақыт 19.30-да жасалатын арнайы таралымда Құран Кәрім, мәуліт шариф және дұға оқытылатын болады.

Әзірет Мұхаммедтің дүниеге келуіне орай атап өтілетін  Мәуліт түні – Ислам әлемінің маңызды күндерінің бірі.

Сөздікте «туған жері мен уақыты» дегенді білдіретін «Мәуліт» сөзі  исламдық мәдениетте Әзірет Мұхаммедтің дүниеге келуі, осы шеңберде өткізілген рәсімдер мен жазылған туындыларды білдіру үшін қолданылады.

Барша мұсылмандарға мәуліт түні мүбәрәк болсын.

 



Ұқсас жаңалықтар