ДИТИБ Солтүстік Рейн-Вестфалияда жаңа мешіт салады

Бюнде қаласында «Жаңа мешіт және Мәдениет орталығының» іргетасы қаланды.

1487404
ДИТИБ Солтүстік Рейн-Вестфалияда жаңа мешіт салады

Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінде орналасқан Бюнде қаласындағы Дін істері түрік-ислам бірлестігіне (ДИТИБ) қарасты «Жаңа мешіт және Мәдениет орталығының» іргетасы қаланды. 

Құран оқумен басталған рәсімде мешіттің кішкентай оқушыларынан құрылған хор болса түрік және неміс тілдерінде өлеңдер оқып, діни әндерді шырқады. 

Мешіттердің Алланың үйі екенін атап көрсеткен ДИТИБ төрағасы Казым Түрікмен мұсылмандардың Анадолыдан Еуропаға жарты ғасырдан асқан көш тарихына қарағанда барған жерлерінде өзіне үй сатып алмастан бұрын мешіт салғанын атап көрсетті. 

Екі жыл ішінде аяқталуы жоспарланған және 2 мың 200 шаршы метрлік алаң үстіне салынған комплексте 1600 шаршы метрлік қолданылатынын, оның ішінде 300 шаршы метрлік бір алаңға ғибадатхана, көп мақсатты конференция залы, кітапхана, аудиториялар, үйірмелер, мәйіт жуатын ғұсыл және дәретханалар, жас қыздар мен жігіттерге арналған шәйханалар мен әкімшілік орындары болады. 



Ұқсас жаңалықтар