Германияда 3 мешітке қорқыту хаты жіберілді

Түрік-ислам қоғамына тиесілі 3 мешітке сыртында доңыздың фотосуреттері бар қорқыту хаттары жіберілді.

1424162
Германияда 3 мешітке қорқыту хаты жіберілді

Германияның Мюнхен және Дуйсбург қалаларында Дін істері түрік-ислам одағына тиесілі 3 мешітке үстінде доңыздың фотосуреттері бар қорқыту хаттары жіберілді.

Ораза айт мерекесінің алғаш күні Мюнхен орталық мешітіне, екінші күні Дуйсбург Мурадийе мешітіне, үшінші күні болса Дуйсбург орталық мешітіне пошта арқылы ислам діні мен құндылықтарын қорлаған сөздерге толы хат жіберілді.

Мюнхен қаласынан пошта арқылы жiберілген және бірі-біріне ұқсас сөйлемдерден тұратын хаттарды жолдаған мекен-жайлардың негізсіз екені болжалуда.

Мешіттердің қоғамдық басшылары Юсуф Айдын мен Рамазан Джейлан хаттарды жергілікті лауазымдыларға жеткізгендерін және күдіктілердің тез арада жауапқа тартылуын талап еткендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар