Германияда соңғы 20 жылда бала саны 2,3 миллион азайды

Федеральдық саяси оқу орталығы және Федеральдық Статистика офисі ортақ рапорт жариялады.

1087868
Германияда соңғы 20 жылда бала саны 2,3 миллион азайды

Федеральдық саяси оқу орталығы мен Федеральдық Статистика офисі ортақ дайындаған рапортқа қарағанда елдегі жалпы адам санының уақыт өткен сайын қартайғаны тағы бір рет атап көрсетілді.

Рапортта елде 1997 жылы 15,7 миллионнан астам баланың өмір сүргені, 2017 жылы болса 13,4 миллионға азайғаны атап көрсетілді.

Рапортқа қарағанда аталмыш кезеңде 18 жастан кішкентай адам саны, жалпы елдің адам санымен салыстырғанда 19 пайыздан 16 пайызға азайды.

Сондай-ақ рапортта 2012 жылдан бері елдегі туу мөлшерінің тұрақты түрде артқаны, бірақ 2017 жылдан бастап осы мөлшердің қайтадан азая бастағанына назар аударылған.



Ұқсас жаңалықтар