Гөбеклитепе Әлем чемпионатында таныстырылады

Гөбеклитепе Катарда өтетін "Халықаралық Футбол Федерациясы қауымдастығы" FIFA Футболдан Әлем чемпионатында көрмеге қойылады.

1828898
Гөбеклитепе Әлем чемпионатында таныстырылады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) Дүниежүзілік Мұра тізіміне енген Гөбеклитепедегі P18 обелискінің көшірмесі 2022 жылы Катарда өтетін "Халықаралық Футбол Федерациясы қауымдастығы" FIFA Футболдан Әлем чемпионатында көрмеге қойылады.

Шанлыурфа Туризмді дамыту компаниясынан жасалған жазбаша мәлімдемеде қаланы ұлттық және халықаралық алаңда таныстыру мақсатымен іс-шаралар ұйымдастырылғаны білдірілді.

Гөбеклитепе FIFA Футболдан Әлем чемпионатында таныстырылатыны білдірілген мәлімдемеде:

"ЮНЕСКО Дүниежүзілік Мұра тізіміне 2018 жылы енген Гөбеклитепеге өкілдік ретінде T-тәрізді P18 стеласының жарты өлшемді көшірмесі қараша айында басталатын FIFA Футболдан Әлем чемпионатында көрмеге қойылады. Әлемнің барлық елінен  футбол сүйерлердің басын қосатын Әлем чемпионатында Гөбеклитепенің таныстырылуы  Шанлыурфа туризмі үшін тамаша орай жаратады" деп көрсетілді.

Мысыр пирамидаларынан 7500 жыл бұрын салынған Гөбеклитепеде тұрақты өмірге өтудің алғашқы таңбаларына байланысты маңызды қалдықтар жатқан мекен.

Гөбеклитепе сонымен бірге алғашқы ғибадат орталығы ретінде де танымал жер.



Ұқсас жаңалықтар