Гордион түйіні

Бұларды білетін бе едіңіз? - 37

1265048
Гордион түйіні

Тарихтағы Гордион түйіні аңызы өткен жердің Түркияның бас қаласы Анкара территориясында екенін білетін бе едіңіз?

Гордион аңызы Анкараның Полатлы ауданындағы Яссыхөйүктен бүгінгі күнге жеткен Фригия өркениетінен қалған.

Аңызға қарағанда, Гордион түйіні  бір өгіз арбаны бір бағанаға байлап тұрған арқан туралы. Жаңа басшы іздеген фригтерге бір көріпкел қалаға өгіз арбасымен бірінші болып кіретін адамды король қылып сайлауларына кеңес береді. Міне,  осы кісі Гордиос. Гордиос король болды, оның өгіз арбасы храмға қойылды.  Ғасырлардан кейін Гордиостың өгіз арбасының атағы шықты.  Осы арқанды шешетін адамның Азияның билеушісі болатыны айтылды. Ұлы Ескендір біздің дәуірімізден бұрынғы 334 жылы түйінді шешуге тырысты. Бірақ шеше алмады. Шыдамай қылышымен кесіп тастады.  Ескендір Парсы империясының билеушісі және Азияны басқару жолында 33 жасар кезінде қаза тапты. Кейбір даналар оның Гордион түйінін шыдамай қылышпен кесіп тастауына орай өмірден ерте кеткенін айтады.



Ұқсас жаңалықтар