Грекиядан келген яхта Бодрумнан жанармай алды

«Dream» атты моторлы яхтаға 240 мың литр жанармай құйылды.

1356492
Грекиядан келген яхта Бодрумнан жанармай алды

Муғланың Бодрум ауданында аялдаған «Dream» (Дрим) атты моторлы яхтаға 240 мың литр жанармай құйылды.

Грекиядан келген Мальта байрақты дәу яхта Пашатарласы маңында пирске аялдады.

Ұзындығы 106, ені  16 метрлік яхтаға жанармай құю үшін танкерлер әкелінді. Яхтаға 8 танкермен 240 мың литр жанармай құйылды. «Dream»-ге 17 мың литр де қозғалтқыш май құйылғаны білдірілді.

Яхта өткен жылы да сол ауданнан келіп жанармай алған болатын.

Аталмыш моторлы яхтаның 1997 жылы Түркия кеме өңдеу зауытында өндірілгені атап көрсетілді.

«Dream» жанармай құйған соң Грекияның бас қаласы Афиныға қарай бет алды.



Ұқсас жаңалықтар