"Hürjet" ұшағы 2023 жылы ұшырылады

"Hürjet" 2025 жылдан кейін ай сайын екі дана өндіріледі.

1763422
"Hürjet" ұшағы 2023 жылы ұшырылады

Ұлттық реактивті жаттықтырушы және жеңіл шабуыл ұшағы "Hürjet" 2025 жылдан кейін ай сайын екі дана өндіріледі.

Түрік Авиация және Ғарыш өнеркәсіп компаниясының Бас директоры Темел Котил "Hürjet" бағдарламасына байланысты мәлімдеме жасады.

"Hürjet" ұшағы прототиптерін өндіргендерін, 1-2 ай ішінде ұшақтың толығын көрсететіндерін айтқан Котил:

""Hürjet" ұшағы 2023 жылы 18 наурызда тұңғыш рет ұшырылады" деді.

"Hürjet" бағдарламасын Ұлттық Жауынгерлік ұшақтың (MMU) алдына қойғандарын айтқан Котил осы барыстағы тәжірибелерді отандық әскери ұшақты жасауда қолданатындарын білдірді.

2025 жылдан кейін ай сайын екі дана "Hürjet" ұшағы өндірілетінін айтқан Котил "Hürjet" ұшағының бәсекелестеріне қарсы ең жаңа технологиялармен жетілдіріліп, өндірілгенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар