Еуропа ойындары Стамбулда өтеді
Еуропалық Олимпиада комитеті 2027 жылы Еуропа ойындарын Стамбулда өткізу туралы шешім қабылдады.
2027 Еуропа ойындары Стамбулда өтеді.
Еуропалық Олимпиада комитетінің Атқарушы кеңесі 2027 жылы төртінші рет өтетін Еуропа ойындарын Стамбулда өткізу туралы шешім қабылдады.
Төраға Спирос Капралос "Стамбул мен Түркия - көп уақыттан бері халықаралық спорттың жақсы досы, Стамбул өз азаматтарының игілігі үшін спортты күнделікті өмірмен бірлестірді. Біз Стамбулдың 2027 жылы Еуропаның үздік спортшылары жарқырайтын тамаша орын болатынын білеміз» деді.
Ойындардың біріншісі 2015 жылы Бакуде, екіншісі Минскіде және үшіншісі Краков-Малопольск қаласында ұйымдастырылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Титаниктен шығарылған сағат аукционда сатылды
Жолаушылардың біріне тиесілі алтын сағат 900 мың фунт стерлингке алушысын тапты.
Голладияда Ислам дініне деген қызығушылық артуда
Голладияда « Король күні» іс-шараларына орай қасиетті Құран Кәрім таратылды.