Иордания Израильдің Ақса Мешітін жөндеуіне наразылық көрсетті

Иордания Израильдің Ақса Мешітінің Бурак "Жылау" қабырғасына ретаврация жасау талпынысын айыптады

1128812
Иордания Израильдің Ақса Мешітін жөндеуіне наразылық көрсетті

Иордания Израиль ұйымдарының жауланып жатқан Шығыс Иерусалимдегі Ақса Мешітінің оңтүстік батыс қабырғасы Бурак "Жылау" қабырғасына ретаврация жасау талпынысын айыптады. 

Иордания Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі  Суфян ел-Кудат жазбаша мәлімдеме жариялап, Ақса Мешітінің оңтүстік батыс қабырғасы Бурак "Жылау" қабырғасының Ақса Мешітінің бөлінбес бір бөлшегі екенін ескертіп, Израильдің бұл жердегі жұмыстану әрекетіне наразылық көрсетті.  

 Ақса Мешітінің қабырғаларын да қамтыған 144  гектарлық алаңының барлық жөндеу және реставрация жасау жұмыстары құқының халықаралық құқық пен келісімдерге сай  Иордания Қорлар, Ислам қасиетті заттары мен істері министрлігіне қарасты  "Иерусалим Ислам қорлар кеңсесінің"   билік көлеміне кіретіні білдіріліп,  Израильдің халықаралық құқық пен келісімдерге қайшылық жасап, Иерусалимнің тарихи және заңдық мәртебесін өзгерткеніне байланысты ескерту жасалды.

Кудат Ақса Мешітінің тарихи және заңдық мәртебесін қорғау мақсатымен халықаралық ұйымдарға Израильге қысым жасауға байланысты жауапкерліктерін орындауға шақыру тастады.

Израиль ұйымдары сәрсенбі күні Ақса Мешітінің бір қабырғасы болған және Қасиетті Харемдегі Ислам мұражайының қатарында орын алған батыс қабырғасы "Бурақ жылау қабырғасы" жанына ауыз жүзіндегі "реставрация" мақсатымен  қоршау жүргізген болатын.

 Израиль ұйымдары 2018 жылдың шілде айында да Ақса Мешіті тұрған аймақта "Реставрация" мақсатымен терең қазба жұмыстарын жүргізген және бұл Қасиетті Харемнің қабырғасындағы кейбір тастардың құлауына себеп болған еді.



Ұқсас жаңалықтар