Ислам өнері көрмесі Долмабахчеде ашылды

"Дәстүрлі Ислам өнері көрмесі" Долмабахче Өнер галереясы Сарай коллекциялары мұражайында ашылды.

1303131
Ислам өнері көрмесі Долмабахчеде ашылды

Түркия Дін істер қоры Әйелдер, отбасы және жастар орталығы (TDV KAGEM) "Дәстүрлі Ислам өнері көрмесінің" екіншісі Әзіреті Мұхамет Пайғамбардың туған күні Мәуліт қасиетті түніне арналған аптаға орай Стамбұлдағы Долмабахче Өнер галереясы Сарай коллекциялары мұражайында ашылды.

Өнер көрмесінің беташарындағы сөзінде Дін Істері басқармасының төрағасы Али Ербаш:

"Алланың Пайғамбары "Алла көркем, көркемдікті сүйеді" деп бұйырып, үмбеттеріне әртүрлі көркемдікті көрулері, көрсетулері керектігін және көркем істер істеулерін ұсыныс еткен. Міне, бүгін біз тамаша адамдар жасаған көркем мұралардың ортасындамыз. Біздің өркениетіміз өнерге мән беретін, оны бағалайтын өркениет" деп көрсетті.

Өнер көрмесіне зергерлік, көркем жазу, миниатюра, ебру өнерлерін қамтыған 8 өнер саласында 50 түлек пен 8 ұстаз дайындаған мөлшермен 200 еңбек қойылды.

Түркия Дін істер қоры Әйелдер, отбасы және жастар орталығы (TDV KAGEM) "Дәстүрлі Ислам өнері көрмесі" 8-13 қараша арасында тамашалаушыларды күтеді.



Ұқсас жаңалықтар