Исмаилов бірден үш алтын алды

Түрік зілтеміршілер екі күнде 7 алтын, 8 күміс, 2 қола, барлығы 17 медаль олжалады.

1356981
Исмаилов  бірден үш алтын алды
2020_SUBAT_madalya.jpg

Ұлттық зілтемірші Данияр Исмаилов Өзбекстанда өткен 6-шы Халықаралық ISSF Ұйымшылдық кубогына үш алтын медаль алды.

8 ақпан күні басталып, 12 қаңтар күні аяқталатын кубок бүгін де жалғасуда.

Ташкентте өтіп жатқан жарыс 2020 Токио Олимпиада ойындарына квота үшін ұпай береді.

Кубоктың екінші күнінде ерлер категориясы 73 келіде Түркия атынан жарысқан Данияр Исмаилов барлығы 344 келі көтеріп, бірден үш медаль иеленді.

Әйелдер категориясында 64 келіде Берфин Алтун бір алтын және бір күміс медаль алды. Жалпы 209 келілік дәрежесімен Берфин тағы бір алтын медаль алды.

Ерлер категориясында 67 келіде Ферди Хардал үш күміс медаль алды.

Жарыстың екінші күнінің соңында түрік зілтеміршілер 7 алтын, 8 күміс, 2 қола, барлығы 17 медаль олжалады.



Ұқсас жаңалықтар