Йылдыз Кентер дүниеден озды

Ауруханада емделіп жатқан актриса кеше дүние салды.

1308085
Йылдыз Кентер дүниеден озды

Атақты театр актрисасы Йылдыз Кентер көз жұмды.

Ауруханада емделіп жатқан актриса кеше дүние салды.

91 жасар Йылдыз Кентер мемлекеттік өнер қайраткері болатын. Ол карьерасы бойы 100-ден астам спектакль, фильм және телехикаяда рол алып,  өмір бойы сахнадағы қабілетімен назар аударды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Йылдыз Кентердің дүние салуына орай көңіл айтты.  Ол «Құрметті театр актрисасы Йылдыз Кентерге Алладан рақымшылық,  отбасы,  жақындары және өнер әлеміне көңіл айтамын» деді.

Вице-президент Фуат Октай да шебер актрисаның қазасына қатты қиналғанын білдірді.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой да Twitter әлеуметтік желісінен «Бақи бол, ұлы шебер.  Сені ұмытпаймыз» деп жазды.

Республика Халық партиясы төрағасы Кемал Кылычдароғлу да «Түрік театрының шебері Кентердің қазасына қиналдым.  Кентерге Алладан рақымшылық,  отбасына,  жақындары және өнер әлеміне қайғырып көңіл айтамын» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар