Измир фильм фестивалі 22-26 қыркүйекте өтеді

Халықаралық Измир фильм фестивалі 2020 жылы 22-26 қыркүйекте ұйымдастырылады.

1467105
Измир фильм фестивалі 22-26 қыркүйекте өтеді

Халықаралық Измир фильм фестивалі 2020 жылы 22-26 қыркүйекте ұйымдастырылады.

Фильм Фестивалінің бас координаторлығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда 2018 жылдан бері ұйымдастырылған фестиваль биыл жаңа типті коронавирус індеті себепті сақтық шаралары аясында өткізіледі. 

Көрсетіле бастаған барлық фильмдер үміткер болатын фестиваль аясында фильмдер Измирдің 30 ауданындағы ашық алаңдарында көрермендерге ұсынылады.

Фестивальде биыл теледидар сериалдары мен сандық  фильмдер де көрсетіледі. 

Фестиваль кезінде үздік еңбектер интернет парақшалары арқылы  жасалатын нотариустың мақұлдауымен және халық дауысымен белгіленеді. 

Үздік болғандарға "Алтын Артемида жүлдесі" беріледі.



Ұқсас жаңалықтар