Қытай бақылаушылар Эверест шыңына шықты

Әлемдегі ең биік шың Эверест тауының (Джомолунгма) дәл биіктігін өлшеу мақсатымен 7 мамырда жолға шыққан Қытай бақылау тобы шыңға шықты.

1424567
Қытай бақылаушылар Эверест шыңына шықты

Әлемдегі ең биік шың Эверест тауының (Джомолунгма) дәл биіктігін өлшеу мақсатымен 7 мамырда жолға шыққан Қытай бақылау тобы шыңға шықты.

Қытай ресми хабар агенттігі Шинхуаның хабарына қарағанда Табиғи Байлықтар министрлігінің өлшеу мамандары мен кәсіптік альпинистерден ұйымдасқан 30 кісілік топ Непал-Қытай шекарасындағы таудың Қытай жағындағы негізгі желісінен бастаған шыңға шығу сапарын аяқтады.

Топтың шыңда жасанды серіктерден келген Жаһандық қорғау жүйесі (GPS) сигналдары арқылы жерде меншікті салмақ өлшейтін гравиметр сияқты жабдық және аспаптардың көмегімен таудың ең биік шыңындағы биіктіктің нақтылы өлшемін алуға талпынатыны білдірілді.

Сонымен бірге топ табиғи байлықтарды анықтауға бағытталған сынақ пен барлау жұмыстарын да жүргізеді.

Қытай 1975 және 2005 жылдары шыңның дәл биіктігін өлшеу үшін Эверестке бақылау тобын жолдаған болатын.

Сол кезде Эверест шыңының биіктігі қатарымен 8 мың 848 метр 13 сантиметр және 8 мың 844 метр 43 сантиметр болып өлшенген.  



Ұқсас жаңалықтар