Қытай ғарышқа серік ұшырды

Қытай секундта 10 гигабайт мәлімет жолдайтын коммуникация жасанды серігін ғарышқа жолдады.

1342044
Қытай ғарышқа серік ұшырды

Қытай секундта 10 гигабайт санды мәлімет жолдайтын көлемді коммуникация жасанды серігін ғарышқа жолдады. 

Қытай Орталық телеарнасының (CCTV) хабарына қарағанда аталмыш көлемді коммуникация жасанды серігі елдің оңтүстік батысындағы Жючуан Жасанды серік ұшыру орталығынан Куайжоу 1А зымыранымен ғарыш орбитасына жолданды.

Авиация және Ғарыш компаниясы Galaxy Space тарапынан жетілдірілген жасанды серік төменгі орбитада ұшады және 10 гигабайттық санды мәліметтерді жеткізеді. 

Жасанды серіктің шөл, теңіз-мұхит сияқты жерлермен қоса, жылдам пойыз бен ұшақ қатынасында қиыншылық болған жерлер үшін де қолданылуы жоспарлануда.

АҚШ пен Ресейден кейін кірген "ғарыш бәсекесінде" соңғы кездегі жылдам талпынысымен Қытай алыстан байқау серіктері, жаһандық орын белгілеу, бақылау, көлемді коммуникация серіктері, орбитада тұрақты ғарыш станциясын салу,  Ай жұмыстары, Марс және Юпитерді  бақылау сияқты мықты жобаларымен 2045 жылы "Ғарыш лидері" болуды нысана алды.



Ұқсас жаңалықтар